
— National Geographic – сапалы мазмұнмен және ең жақсы фотосуреттермен ерекшеленетін бренд журнал. Бұл Зияткерлік мектептермен бірлескен алғашқы жоба. Курс бағдарламасы фотоөнермен байланысты көптеген тақырыптарды қамтиды. Photo camp қатысушылары алған білімдерін алдағы уақытта тиімді пайдаланып, өзге оқушылармен бөліседі деп сенеміз, – дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.
Фототүсіру әлеміне саяхат барысында қатысушылар танымал фото мамандарынан сабақ алып, практикумдарда білімдерін жетілдірмек. Көптеген қызықты кездесулердің бірі — неміс фотограф Герд Людвигпен арнайы семинарда қатысушылар «сторителлинг» танымал жанрымен жақынырақ танысады.
