Озаттықтар ұлт ұстазын ұлықтады

Озат шаңырағы аты алты Алашқа әйгілі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арналған шағын шығармашылық кеш өткізді.

7 D сынып оқушылары кеш шымылдығын бимен ашса, 8 B сынып оқушысы Мадина Майлыбаева ұлт ұстазына арнап өз ойынан өлең жолдарын шығарды. NIS қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мейірімхан Орақова Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арнап презентация жасады. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар қойылып, тапқыр оқушыларға сыйлықтар тарту етілді. Ақынның өлең жолдарын 7 Д сыныптағы Рамазан Идиатулла, Ханшайым Абдрахман және Мадияр Сапул-Мәлік орындады. Амина Алдиярова мен Мөлдір Ахтанқызы Ахмет Байтұрсынұлының портретін салып ерекшеленді. Сонымен қатар Адай күйін орындаған Юсуф Мухамбеткалиев пен Ибрагим Бегалиев те кештің сәнін келтірді.

– «Қараңғы Қазақ көгіне күн боламын» деп жырлаған ұлт көсемдерінің, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының есімі де, мұралары да ешқашан ұмытылмасы анық, – деп ашық сабақты қорытындылады озаттықтардың кураторы Заида Ташкинбаева.