Ақтөбе қаласындағы NIS-тің 12-сынып оқушыларына информатика сабағында egov.kz электронды үкімет порталымен жұмыс істеу бойынша семинар өтті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының даму бөлімінің меңгерушілері Гулжанат Джанабаева мен Асель Дарменкулова Зияткерлердің сұрақтарына жауап беріп, E-gov сайтының жұмысын, ЭЦҚ кілтін алу алгоритмін көрсетті.
Оқушылар «ЭЦҚ күшін жоятыны рас па?», «Қызметкерлер деректер базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шараларды қолдануда?», «Елімізден тыс жерде цифрлық құжаттар жарамды ма?», «Жер учаскесін қалай алуға болады?», «Пәтерге кезекке қалай тұруға болады?» деген сұрақтар қойды.
Электронды үкімет порталының мамандары E-gov ресурстарын пайдалану, қандай құжаттарды онлайн алуға болатынын, ақпараттың қауіпсіздігі, кілттердің сенімділігі туралы ақпарат берді.
Қазақстан БҰҰ рейтингінде электронды үкіметті дамыту бойынша 29-орында екені белгілі болды. Электрондық үкімет порталындағы қызметтердің саны 1270 екенін, оны ЭЦҚ, Digital-ID және QR-код арқылы алуға болаты оған дәлел. Ал ХҚКО операторларының көмегімен 338 қызметті алуға болады, кейбір қызметтер әлі аяқталмаған және оларды онлайн алу мүмкін емес.