«Өлең оқып, сыйлық ал!» көркемсөз оқу шеберлері байқауы

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген 📚«Өлең оқып, сыйлық ал!» көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпаздары марапатталды. Мектебіміздің 7В сынып оқушысы Бекболатов Санжар бас жүлдені иеленіп, оған арнайы сыйлықтық сертификат табысталды. Одан өзге жүлделі I, II, III орынға лайық деп танылған зияткерлер қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік жазушылардың кітаптарын жеңіп алды.

✔️Айта кетейік, қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевты насихаттау мен оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік жарыс 💻онлайн форматта өтті. Байқауға 20-дан астам оқушы қатысты.