НЗМ Ақтөбе студенттері пікірсайыс бойынша Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Мектеп оқушылары арасында пікірсайыс бойынша жыл сайынғы Қазақстан чемпионатында Ақтөбе қалалық НЗМ он бірінші сынып оқушылары Камила Құрамысова, Сая Құрманалина және Санжар Хамитов үздік нәтиже көрсетті. Чемпионат ағылшын тілінде өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 36 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан намысын әлем чемпионатында қорғайтын команда жасақталды. Енді соңғы құрам күтілуде.

Ақтөбе қаласындағы Зияткерлік мектептен үш команда қатысты. 11-сынып оқушылары Сай, Камила және Санжардан құралған бір ғана команда финалға шығып, чемпион атанды. Сая Құрманалина үздік спикерлердің үштігіне енді.

Он бірінші сынып оқушылары мектептегі «Әйтеке» дебат клубының негізін салушылар. «Әйтеке» дебат клубы – пікірсайысты насихаттаумен айналысатын студенттік қоғамдастық, құрылған бір жыл ішінде көптеген жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізді.

– Қазір клубта 2 топ бар – бастапқы және тереңдетілген. Клубтағы 15 қатысушыдан 70-ке жеттік. Пікірсайысшыларымыз беделді пікірсайыс турнирлерінде абыроймен өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда, – деп бөлісті Ақтөбе қаласындағы НЗМ ФМН 11-сынып оқушысы Сая Құрманалина.