«Нұр шашу» облыстық байқау жеңімпаздары атанды

Ақтөбе қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Нұр шашу» үлгілі би ансамблі «Әлемнің әсем билері» облыстық байқау жеңімпаздары атанды.

Жас дарындар «Эстрадалық би» номинациясы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болғаны үшін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала – бақыт, бала – шаттық, бала – нұр» атты мерекелік шарада дипломмен марапатталды.
Мектеп хореографы Зердегүл Үркімбаеваның жетекшілігімен «Нұр шашу» би ансамблі көптеген облыс және қалалық мәдени шараларға белсене қатысып топ жаруда. Жақында Атырау қаласында өтетін «Жас толқын» жас таланттардың халықаралық байқауына қатысады.

– Біз бұнымен тоқтап қалмаймыз, тағы да бір халықаралық өнер додасына жол жүргелі тұрмыз. Ол жақтан да жоғары нәтижелі көрсеткішпен ораламыз деген үміттеміз, – деді Зердегүл Үркімбаева.