Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Алмагүл Сарсембаева Англиядағы Бристол университетін үздік тәмәмдап, магистр ғылыми дәрежесін алды. «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ұлыбританиядағы 10 озық университеттің бірінде білімін жетілдірген жас педагог өз әсерімен бөлісті:
– Карантиннің енуіне байланысты келесiдей жағдайларды ескере отырып – онлайн оқу, онлайн кітапхана, супервайзермен қашықтан кездесу және диссертацияны үй жағдайында жазу – Англияда оқу оңай болмады, алайда НЗМ-дегі тәжірибемнің арқасында, сондай-ақ, туыстарым мен достарымның, әріптестерімнің қолдауымен оқу барысындағы барлық қиындықтарды еңсердім. Бір кездері менің әріптестерім мен біздің оқушыларымыздың жетістіктері маған үлгі болғандай, бұл жазба оларға да мотивация болады деген үміттенемін.