Бүгін Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерелік мектебінің оқушылары үшін желілік олимпиаданың соңғы күні. Ақтық кезең қазақстан тарихы, ағылшын тілі және құқық негіздері пәндері бойынша өтті. Зияткерлердің гуманитарлық бағыттағы білімдері сыналған республикалық олимпиада қатысушылардың пікірінше өте қызықты әрі пайдалы болды. 📚Мектебіміздің 11 «С» сынып оқушысы ✔️Әсия Тайжанова ағылшын тілі пәнінен қатысып, жарыс туралы өз пікірін білдірді:
⠀
⁃ Негізі мектепішілік олимпиадаларға 9 сыныптан дайындалып, қатынасып келемін. Ал желілікке алғаш қатысуым. Жақсы әсер алдым. Берілген тапсырмаларды түгел орындадым. Лексика-грамматикалық білімді тексерумен қатар, тыңдау және жазу бөлімдерінен де сүрінбей өттім, – дейді зияткер.
⠀
Ал болашақта өзін медицина саласында көргісі келетін 10 «С» сынып оқушысы ✔️Лунара Булатова бүгін Қазақстан тарихы пәнінен қатысты. Оның айтуынша, жан-жақты білім – жетістіктің басты кепілі және ел тарихын білу – әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.
⠀
⁃ 7-сыныпқа келгенде менің Қазақстан тарихы пәнінен үлгерімім сәл төмендеді, бағамды түзету мақсатында тарихқа көп көңіл бөлдім, жіті оқыдым. Осыдан болар қызығушылығым оянып, енді міне, желілік олимпиаданың қатысушысы атанып отырмын. Бұл мен үшін үлкен мотивация. Жақсы нәтиже берем деп үміттенемін. Ал маған сенім артып, қолдаған ұстаздар мен достарыма рақмет! – дейді Лунара.
⠀
Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің атынан құқық негіздері пәні бойынша 1 ғана зияткер бақ сынады. 10 «D» сынып оқушысы ✔️Камила Курамысова осымен аталған пән бойынша жарысқа екінші рет қатысып отыр, ал биыл мақсатын орындап желілікке жолдама алған.
⠀
⁃ Құқық негіздері пәні оқу бағдарламамызға осы жылы енді, былтыр уақыттың тығыздығынан және дайындығымның аздығынан желілікке өтпей қалдым. Мектебіміз физика-математика бағытында болғандықтан, әлеуметтік ғылымдар саласына көп ден қоймайды. Десе де жетекшімнің арқасында білімімді одан әрі жетілдіріп, дайындығымды да өз бетімше күшейттім. Менің арманым – құқық қорғау саласында қызмет ету, білікті адвокат болу, – дейді қатысушы.
Айта кетейік, 🌱NIS-тің желілік олимпиадасында 700-ден астам оқушы білімдерін сарапқа салады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада жоғары сынып оқушылары 15 пән бойынша желілікте бақ сынайды.