Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептері желілік олимпиадасының онлайн ашылуы өтті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі NIS-те 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді деп жоспарлануда. Зияткерлік мектептердің 700-ден астам жоғары сынып оқушысы 15 пән бойынша желілікте бақ сынамақ. Жеңімпаздар қатарынан арнайы құрама жасақталып, олимпиаданың республикалық кезеңінде NIS намысын қорғайтын болады.
NIS-тің желілік олимпиадасында 700-ден астам оқушы білімдерін сарапқа салмақ
