NIS-тің тікелей эфирінде – тамыз конференциясы: үшінші күн

Тамыз конференциясының үшінші күнінің фокусында – филологтарға арналған пәндік сессиялар
Жиырма мыңнан астам пән мұғалімдері педагогикалық қоғамдастық үшін өзекті тақырыптарды талқылау және сарапшы әріптестердің шеберлік сабақтарына қатысу үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен онлайн конференцияға қосылды.
Филологтар оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жоспарларын талдады, өйткені әртүрлі мәтіндерді түсініп оқып, қойылған міндеттерді шешу үшін ақпаратты пайдалану қабілеті 21 ғасырдағы адамның маңызды құзыреттерінің бірі болып табылады. Қазіргі адамдардың тағы бір маңызды шеберлігі-үлкен көлемде ақпаратпен жұмыс істеу.
– Мен оқушылардың сауаттылығын дамыту әдістері туралы сұрақтарға жауап алдым. Мәтінмен жұмыс істеу үшін берілген тапсырмалар мен авторлардың ұсыныстары пайдалы болды. Айта кету керек, ақпарат пен қаралған материалдар маған өз көзқарастарымды тағы бір рет қайта қарап, ішкі дүрбелеңнен арылуға, өзімді сенімді сезінуге, функционалдық сауаттылық туралы үзік білімді жүйеге келтіруге және өз тәжірибемді одан әрі жетілдірудің жолын көруге мүмкіндік берді, – деп өз әсерімен бөлісті Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы №2 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арай Тобықова..
Бүгін NIS-тің тікелей эфирінде – математика және информатика пәндерінің сессиялары.