NIS-тің тікелей эфирінде – тамыз конференциясы: екінші күн

Пәндік сессиялардың екінші күнінің басты назарында – музыка, көркем еңбек және дене шынықтыру мұғалімдері
Сарапшылар музыкалық, цифрлық және ақпараттық сауаттылықтың бірегей қосындысы туралы әңгімелеп, сауаттылықты дұрыс дамыта отырып, музыканы тыңдау және орындау ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылығын түсінуге көмектеседі деген қорытындыға келді. Көркем еңбек сабақтарында әдемілік пен нәзіктік сезімі қалыптасады. Өнер саласындағы сарапшылардың пікірінше, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мұғалімнің шығармашылығына тікелей байланысты.
Шеберлік сабақтары барысында NIS-тің пән мұғалімдері – Әлия Кайдарова, Альмира Даниярова, Гаухар Қайырбаева және Сәуле Ахметқалиева, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің педагогтері Юлия Березко, Зейнолла Хасенов және Мұхаметқан Ахметжанов өз білімдерімен бөлісті.
Өз денеңмен үйлесімді өмір сүру – дені сау адамның салауатты өмірінің міндетті компоненті. Бұл қағидаға Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS-тің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ербол Тілеулов зор сеніммен қарайды, ол республикалық байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік педагог – 2019» атағына ие болды. Ербол Эрнстовичтің шеберлік сабағы дене шынықтыру сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытуға болатынын және қажет екенін көрсетті. Оқу бағдарламасының басты бағыты – қозғалыс белсенділігі, салауатты өмір салты және қозғалыс дағдылары арқылы сыни ойлауды дамыту. Сегіз мыңнан астам дене шынықтыру мұғалімдері жаңа оқу жылында өз сабақтарында осы құралдарды қалай қолдану керектігі туралы көрнекі түсінік алды.
Бүгін NIS-тің тікелей эфирінде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен пәндік сессиялар.