Онлайн-кеңестің алғашқы күні еліміздің әр өңірінен ондаған мың педагог жиналды. Пәндік сессиялар бастауыш сынып мұғалімдері мен «Жаратылыстану» пәніне арналды, әр секцияның жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізілуде.
Сарапшылар жаңа оқу жылына арналған міндеттерді, ағымдық және қорытынды бағалаудың форматы мен мазмұнын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды талдады, ал зияткерлік және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері шеберлік сыныптарын дайындады. Спикерлер арасында Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері: бастауыш мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламаларын жасаушы, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің бастығыҚаламқас Байтенова, аға менеджерлер Наталья Орехова мен Гүлмира Жақыпова, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ЖМБ және STEM-технологиялар пәндері зертханасының бас ғылыми қызметкері Орденбек Мазбаев, Павлодар қаласындағы NIS-тің өнер мұғалімі Динара Қабиева және басқалары болды.
9-17 тамыз аралығында NIS, сондай-ақ жетекші және пилоттық мектептердің педагогтары вебинарлар, мастер-кластар мен презентацияларды онлайн форматта өткізеді.. Жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру турасында Ұлттық білім академиясынан ұсыныстар айтылмақ.
Бүгін NIS-тің тікелей эфирінде – дене шынықтыру және музыка бойынша пәндік сессиялар.