IQanat хакатонына қатысушылар үшін «Жеке тиімділік және жетістік психологиясы» сабақтары өткізіледі. Жігіттер өз армандарын ойлап, алдына «ақылды» мақсат қоя білді.
– Біздің курс студенттердің жеке тиімділігін арттыруды көздейді. Біз мақсат қою мен өзін-өзі ынталандырудың маңызды құралдары, икемді жоспарлау және жеке уақытты тиімді пайдалану әдістері туралы айтамыз, – деді курс тренері Евгения Жукова.
Сондай-ақ, бөлімшелерде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған психологиялық тренингтер, ойындар мен жаттығулар өткізілді.
– Каникул уақытында өтіп жатырған хакатон бағдарламасы мен ойлағаннан күшті өтуде. Маған қатты ұнағаны – күнде болып жатырған тренингтер және психологиялық сабақтар. Олар арқылы мен өзімнің кем түстарымды біліп, мақсат қойып, армандарыма жету жолдарын біле алдым. Және дегенімізге жету үшін нақты, әрі айқын іс-әрекет жасау керек екенін түсіндім, – деп бөлісті Ақтөбе облысы, Ойыл ауданынан келген Ерқанат Қосалов.