NIS Ақтөбеде информатика мұғалімдері бас қосты.

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде информатика және робототехника пәні мұғалімдеріне арналған «ICT Skills 2022» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаттары – белсенді мұғалімдерге инновациялық әдістемелік жағынан қолдау көрсету және олардың информатика мен робототехниканың әртүрлі салаларындағы дағдыларын дамытуға көмектесу.

Байқау бірінші тестілеу, тапсырма кезеңдерінен, кейін өнермұғалімдерінің шеберлік сыныбынан тұрды. Бірінші кезеңге дейін қатысушылар байқаудың өзіне тіркеліп, бір ғана бағытты таңдауы керек еді. Аталған бағыттардың әрқайсысына жалпы білім беретін мектептердің 10 мұғалімі қатысты.

Қатысушылар байқаудың информатика мамандары үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. № 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясынан Роза Кокаманова NIS информатика пәні мұғалімдеріне осындай облыстық деңгейде шеберлік сыныптары мен курстар ұйымдастыруды ұсынды.

– Білім беру саласында, қазір біз балаларға үйретіп жатқан барлық құзыреттер бойынша ауқымды байқау өтті. Оқу және өсу мүмкіндігі үшін рахмет! – Роза Кокаманова.

– Осындай тамаша байқау ұйымдастырғандарыңызға рахмет. Орын алу мен үшін мәртебе. Бұл бірінші сайыс болғандықтан, біраз қателіктер жіберіп қойдым, келесі жолы қате жібермеуге тырысамын, – дейді «Мобильдік қосымшалар» құзыреттілігі бойынша ІІІ орын алған № 55 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Айсара Өмірзақова.

Сайыста қатысушылар бір жарым сағатта таңдаған құзыреті бойынша барлық тапсырмаларды орындаулары керек болды. Ал шеберлік сыныбында олар абстрактілі өнермен танысты. Кеңес суретшісі Казимир Малевичтің картиналары қарастырылды. Шеберлік сыныбына қатысушыларды өз қолдарымен телефон тұғырын жасап, оны абстрактілі өрнектермен безендіру ұсынылды.

Жүлделі орындарға ие болған ұстаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.

Бәсекелестік құзыреттері:

– «Желілік технологиялар» құзыреті:

І орын – Домаков Ержан – «Білім» мектеп-гимназиясы

ІІ орын – Битенова Гүлназ – № 58 орта мектеп

ІІІ орын – Акиева Айымгүл – № 9 орта мектеп-гимназиясы

– «Олимпиадалық бағдарламалау» құзыреті:

І орын – Шадияр Мұртаза – Әл-Фараби атындағы мамандандырылған №21 гимназия

ІІ орын – Марал Қыстаубаева – № 51 гимназия

– «Мобильдік қосымшалар» құзыреті

І орын – Дархан Хамзин – № 26 ҚМУ орта мектебі

ІІ орын – Тухеева Гүлнұр – № 9 орта мектеп-гимназиясы

ІІІ орын – Өмірзақова Айсара – № 55 мектеп-гимназия

– «Робототехника» құзыреті:

І орын – Жанаргүл Еркебаева – №18 орта мектеп

ІІ орын – Аман Ерғазин – № 25 орта мектеп

ІІІ орын – Мұқанова Құндыз – № 10 ЖББОМ

– «Деректер қоры» құзыреті:

ІІІ орын – Досмағанбетова Гүлмира – №23 ОӘК