NIS Ақтөбе ұстаздары билеп жарысты⁣⁣

NIS Ақтөбе сахнасында Халықаралық би күніне мұғалімдер арасында «Flash dance-2022» сайысы ұйымдастырылды.⠀Мектеп қауымдастығы би байқауында ұстаздардың хореографиялық өнерін тамашалады.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Байқаудың қатысушылары ерекше хореографиялық шешімдерімен қызықты және ерекше қойылымдар көрсетті. Сахнада бидің түрлі стильдері ұсынылды: брейк-данс, хип-хоп, эстрадалық, халық билері.⁣⁣⠀

Мектеп басшылығы әр команда өзінің қайталанбас бейнесін және күрделі би нөмірлерін көрсеткенін және бұл хореографиялық дода педагогтардың жан-жақты екенінің сәтті көрінісі екенің атап өтті.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– Ұстаздар алуан түрлі билерімен таңқалдырды. Бірнеше команда заманауи билер билесе, тарих, география, экономика және өзін-өзі тану кафедрасы еліміздің ұлттық-мәдени ерекшелігін паш ететін би қойылымын көрсетті, – деп атап өтті директордың орынбасары Айгүл Асанова.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Қазылар алқасының шешімімен «Flash dance-2022» сайысының жеңімпаздары болып Физика кафедрасы атанды. І орын – Химия және биология кафедрасына берілсе, ІІ орынды – Ағылшын тілі және ЖПЖЖ кафедрасы мен Математика кафедрасы жеңіп алды. Қазақ тілі және әдебиеті, Тарих, география, экономика және өзін-өзі тану, Информатика және өнер кафедралары үздік үштікке кірді.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– «Flash dance» би байқауы соңғы рет пандемияға дейін өтті. Оның оралуы біз үшін өте маңызды әрі қуанышты оқиға болды. Бүгінгі концертте бәріміз осы өнер түрінің күш-қуатты сезіндік, өйткені би – денсаулықтың кепілі ғана емес, ол өз ойын еркін жеткізу, жарқын көрініс пен жанды эмоциялар, – деді Зияткерлік мектеп хореографы Зердегүл Үркімбаева.