NIS Ақтөбе – үздік олимпиадалық мектеп⁣⁣

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2022» номинациясында IІ орын иеленді.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

2022 жылғы республикалық олимпиада Ақтөбелік Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын қорғаған оқушылар – Айдана Айтөре, Алишер Еркебаев пен Санжар Хамитов 3 алтын медаль, Дидар Журунтаев, Алихан Калмагамбетов, Ерлан Ұлықпанұлы, Тұран Тұрсынбек және Камила Курамысова ІІ орын иеленіп, мектеп қоржынына 5 күміс медаль қосқан болатын. Болат Сұңқар, Алина Мурзагалиева, Асылбек Аманбаев қола медальдармен оралды.⁣⁣⠀