Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те 2022 жылғы World Robot Olympiad аясында өткен робототехника бойынша республикалық чемпионаттың қорытындысы шығарылды. Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үш командасы жүлдегер атанды.
Арсен Серикбай, Мирас Нуралиев – ІІ орын, роботеннис;
Максим Косов, Даир Сырлыбаев – ІІ орын, шығармашылық (орташа);
Данияр Чутенев, Жаннур Айип – ІІІ орын, шығармашылық (ересек).