Nis Aktobe оқушылары «Ақтөбе» футбол клубының стадионында болды

Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион – Ақтөбенің жүрегі болып есептеледі. Ал Nis студенттері сүйікті «Ақтөбе» футбол клубының стадионын қуана қуана тамашалады.Балаларға стадион ішінде экскурсия ұйымдастырылды.

Зияткерлік мектеп оқушылары футбол алаңын, киім ауыстыратын бөлмелерді тамашалады. Жігіттер орындыққа отырып, аренаның тарихын тыңдады. «Ақтөбе» стадионының алаңы табиғи шөппен жабылғанын білді. Футбол клубының өкілдері балаларға ойыншылардың әр түрлі жаттығу кестелері барын, футболшылардың қалай іріктелетінін түсіндірді.

– «Туған елге тағзым-2022» экспедициясына қатысушыларын өз стадионына шақырып, спортқа деген сүйіспеншілігін оятқаны үшін «Ақтөбе» ФК-на мың алғыс. Nis оқушылары клубтың барлық әндерін біледі, шын жүректен орындайды және оларға стадионды аралау өте қызықты болды. Балалар автобуста жанкүйерлердің әндерін шырқап, көгалдан жүгіріп өтіп, клуб туралы барлық деректерге қызығушылық танытты, – деп ризашылығын білдірді «Желкен» шаңырағының педагог-ұйымдастырушы-кураторы Татьяна Сұлтанғалиева.