Ақтөбедегі NIS-те 5 тамыздан бастап «Ashyq» жүйесі енгізілді

Назарбаев Зияткерлік мектебіне келушілердің назарына

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде 5 тамыздан бастап «Ashyq» жүйесі енгізілді.

«Ashyq» жүйесі – тұрғындарды коронавирус қаупінен қорғап, карантиндік шаралар кезінде мектепке өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Яғни, азаматтар «Ashyq» қосымшасы арқылы арнайы QR-кодты сканерлейді және қосымшада көрсетілген тәуекел рейтингін ұсынады.

Мектептің аумағына кіру үшін ұялы телефоныңызда «Ashyq» қосымшасы орнатылған болу керек. Немесе Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR ашып, кіре берісте орнатылған «Ashyq» QR кодын сканерлеу қажет.

«Ashyq» жүйесі QR-кодты
пайдалану және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл шара қазірге кездегі коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынған.