Назарбаев Зиякерлік Мектептері арасындағы үздік эссе: 📝«Ұлылар әлемі» – Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығы және рухани болмысы
⠀
🇰🇿ҚР Білім және ғылым министрлігі, 💡«Дарын» РҒПО және 📚Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен желілік Абай оқуларының эссе бағыты бойынша НЗМ арасында 🌱Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9D сынып оқушысы Айшат Темірбаеваның жұмысы үздік деп танылды. Нәтижесінде ол 9-11 сынып оқушылары арасында 📖қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде өткізілетін III «Абайтану» олимпиадасына жолдама алды. 📌Жетекшісі – Димисанова Алтынай Батырханқызы. Құттықтаймыз!
⠀
🔍Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған республикалық олимпиада короновирустық пандемияға байланысты ✔️онлайн форматта 23-24 қаңтар аралығында өтеді.