6-сынып оқушылары үшін виртуалды мектепке тіркеу басталды⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

Виртуалды мектеп – бұл Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге ынталы оқушыларды пән бойынша білімдерін арттырып, қажетті дағдылардын дамытуға арналған ТЕГІН платформа. ⁣⁣

 

Үміткерлер 24 қазан мен 21 желтоқсан аралығында математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен онлайн сабақтарға қатысып, тапсырмаларын орындайды. Желтоқсанның 14 мен 21 аралығында қатысушылар қорытынды тестілеуден өтіп, бағаланады. Виртуалды мектептен сәтті өткен оқушылар желтоқсан/қаңтар айларында өтетін Каникулярлық мектепке жолдама алады.

⁣⁣⠀

Мектепке тіркелу үшін⠀http://vs1.nis.edu.kz/login/index.php?lang=kk сайтына кіріп, жеке кабинет ашу қажет.

Қосымша ақпаратты⠀8 (7132) 41-17-37 байланыс телефоны арқылы алуға болады.⁣⁣⠀