«Мұғалімнің цифрлық трансформациясы» атты мектепішілік фестиваль

6 қаңтар күні 🌱Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздарының ұйымдастыруымен онлайн форматта 💡«Мұғалімнің цифрлық трансформациясы» атты фестиваль өтті. Әлемдік ахуал білім беру саласына да айтарлықтай әсерін тигізгендіктен, қазіргі уақытта педагогтардың жұмысы да өзгеріс пен жаңашылдықты талап етеді. Жиынның басты мақсаты да осы – мұғалімдердің цифрлы жүйеде қалыптасуы мен сапалы білім беруі💯. Мектеп ұстаздары топтық жұмыстарды қашықтан ұйымдастыру, онлайн формативті бағалау тәсілдерімен қатар, 📲әлеуметтік желілерді де білім беру саласында тиімді пайдалануға болатындығын көрсетті. Сондай-ақ 📡«цифрлық білім беру ортасының перспективалары» интерактивті алаңында да функционалды сауаттылық, сабақ барысында 💻компьютерлік ойындарды қолдану жайында дискуссия өтті.