Бүгін осы ұранмен Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде денсаулық фестивалі өтті. Мектеп құндылықтарының бірі – денсаулық. Сондықтан, жыл сайын, Зияткерлік мектеп аумағында 7 қыркүйек – денсаулық күні атап өтіледі, оны оқушылар да, мұғалімдер де асыға күтеді!
⠀
Бүгін Зияткерлік мектептің таңы таза ауада жаттығу жасаудан басталды. Ал мектеп ішінде балалар мен қызметкерлерді дәрумендер мен иммундық шай күтті. Жайдары медицина қызметкерлері қан қысымын да өлшеді.
Сабақтан тыс жұмыстардың стандартты емес түрлерін қолдана отырып, дене шынықтыру кафедрасы спорттық эстафетасын ұйымдастырып, оған мектеп қауымдастығы түгел қатысты. Жанкүйерлер мен көрермендер жарыс барысын бақылап, командалара қолдау көрсетті.
– Эстафета – денсаулық күнінің ең қызықты бөлігі. Біз оған барлық шаңырақпен белсенді түрде қатысып, командаға неғұрлым жетінші сынып оқушыларын қостық, өйткені олар үшін бұл жаңа әрі қызықты тәжірибе. Жеңіске емес, жақында NIS оқушысы атанған балаларды спорттық шараларға қатыстыруға тырыстық, – дейді он бірінші сынып оқушысы Рустамзал Джафаров.
Ал жеңімпаздарға сертификаттарды салтанатты түрде табыстау ертеңгі таңғы жаттығуда болады.