«Мектептің жаны – мұғалім»

Жылдағы игі дәстүрмен қазанның алғашқы демалысында, ұстаз деген ұлы кәсіптің барша иелерінің төл мерекесі де келді. Бүгін Ақтөбедегі NIS ұжымы кәсіби мерекесін атап өтті.

Таңертеңнен тәтті сыйлықтар мен гүл шоқтарын ұстаған балалар мектептің кіреберісінен мұғалімдерді ду қол шапалақпен қарсы алды. Бірінші қабатта көпшіліктің көңілінен шыққан фотоаймақ ұйымдастырылды.
Өзін-өзі басқару ұйымы барлығын «N-ISLAND» қиял аралында дем алуға шақырды. Күні бойы оқу сабақтарын жоғары сынып оқушылары жүргізіп, мұғалімдер мектеп партасына отырды.

Сабақтан кейін мектептің акт залында ұйымдастырылған дәстүрлі мерекелік концертке барлық ұстаздар шақырылды. Жас зияткерлер дайындаған мерекелік бағдарлама барша ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй, жағымды эмоциялар сыйлады.
Мерекені мектеп директоры Сәуле Өмірбекова ұстаздарды құттықтап, көп жылғы қажырлы еңбектері үшін алғыс хаттармен марапаттады. 7-сынып оқушылары мен «Жігіттер» хоры мектеп қауымдастығына ерекше тосын сый болды.