Жобаның мақсаты: әр түрлі іс-шаралар арқылы кітап оқуға, оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның бастамасымен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары оқуға ұсынған 100 кітаптың тізімі дайындалды, оған 60 танымал қазақ классиктерінің туындылары мен 40 әлем әдебиетінің жауһарлары кірді. Жоба аясында аудио кітаптар мен кітаптардың электронды нұсқалары дайындалды. Оқушылар оқыған кітаптары бойынша өздері салған суреттер мен иллюстрациялар дайындайды. Оқушылар өздері бірнеше шағын әңгімелерге үнтаспа жасап, содан кейін электронды және аудиокітаптарды iKitap.kz сайтына тегін қол жетімділікке орналастырады. Әр шығарма түпнұсқа тілінде оқылады. «100 кітап» жобасы аясында оқушылар iBooks Author бағдарламасын меңгеріп, өз бетімен электронды кітаптар құруды үйренеді.