«Мейірімділік пен қайырымдылық» аптасы

14-20 желтоқсан күндері «NIS Teachers Volunteers» клубы «Мейірімділік пен қайырымдылық» акциясын ұйымдастырды. Бір апта көлемінде еліміздің әр аймағындағы НЗМ мұғалімдері мен оқушылары іс-шараға белсене араласып, игі істер жасады. 🌱Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де апталыққа ерекше ат салысып, НЗМ қауымдастығының алғысын алды. Волонтер-ұстаздарымыз ✔️Марфуға Қарасаева мен ✔️Мейрамбек Төлендінің бастамасымен бір топ мектеп оқушысы 🏙қаланы аралап, ❄️қар тазалауға жұмылдырылған жұмысшыларға ☕️ыстық шай мен бауырсақтар таратты. Сондай-ақ қуаныш пен ғажайыпқа толы 🎄Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектебіміздің жас педагогтарынын құралған «Жаса» @jasanisaktobe ұйымы да 💡«Доктор Клоун» акциясын өткізіп, @obl_zdrav_aktobe Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында ем алып жатқан бүлдіршіндерге керемет көңіл күй мен ойыншықтар сыйлады. 🏥Денсаулық сақтау ұйымдарындағы карантиндік режимге байланысты еріктілер балалармен көрісе алмаса да, дәрігерлердің көмегімен сыйлықтарды тарту етті. Балақайларға риясыз күлкі мен шаттық сыйлаған «Жаса» ұйымы ата-аналардың алғысына бөленді. Адам бойындағы сүйіспеншілік пен мейірімділік, ізгілік пен жақсы қасиеттерді шыңдайтын акциялар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Мейірімді бол!

Қайырымды бол!