Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Жанерке Өтеген денедегі жараққаты емдеуге арналған антибактериалды бұласыр ойлап тапты. Оны ламинария балдырының көмегімен жасаған. Бұл өнертабысы 💡«Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсында ерекше жетістік деп бағаланды. ✔️Ғылыми жетекшілері – Трубникова Людмила Викторовна, Хайбулина Жанна Алдабергеновна.
⠀
⁃ Менің биология пәніне деген қызығушылығым жоғары, әсіресе теңіз балдырларын зерттеген ұнайды. Бұл жобаға ғылыми жетекшім Людмила Трубниковамен қыркүйек айынан бастап кірістік. Ламинария балдырының адам ағзасына пайдасын қарастырдық, – дейді Жанерке.
⠀
📚Жобаны толық әзірлеу бірнеше кезеңнен тұрады: алдымен ламинария балдырын жуып-тазалау, ұнтақтау және сүзгіден өткізу арқылы микробтарға қарсы натрий альгинаты ұнтағы алынады. Лабораториялық жұмыс барысында оның теріге әсері зерттелген.
⠀
⁃ Бұласырды кез келген адам қолдана алады, жараны таңған кезде де ашытпайды. Сіңілім құлап, денесін жарақаттап алғанда пайдаландық, жақсы нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта теңіз балдырларының басқа да пайдасын зерттегім келеді, – деп бөлісті зияткер.
⠀
📌Бұл Жанеркенің алғашқы ауқымды жобасы. Болашақта өзін ғылым жолында көргісі келетін оқушымызға сәттілік тілейміз!