Кубик үшін кубок

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің он жылдық мерейтойына арналған Рубик текшесін жылдамдыққа жинаудан мектепішілік турнирі өткізілді. Физика пәні мұғалімі Жансұлтан Ембергенов ұйымдастырған «Кубик үшін кубок» жарысына жиырмадан аса зияткер қатысты.

Текше жинауда мықтылар жылдамдығымен анықталды. ІІІ орынды ең кіші зияткер 7-сыныптағы Рауан Кенжин иеленді. ІІ орынға 11-сынып оқушысы Нурдәулет Жалмұратов тұрақтаса, 10-сынып оқушысы Алан Ан жарыс жеңімпазы атанды.

Ұйымдастырушылар осындай жарысты жыл сайын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жүлделі орын алған оқушылар кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.