7-сыныптарға конкурстық іріктеудің кешенді тестілеуі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында екі күн ішінде жазбаша тестілеу форматында өткізіледі.
Үміткерлер Назарбаев Зияткерлік мектебіне белгіленген уақытта рұқсат қағазымен, қара сиялы қаламмен келуі керек, өзімен бірге жапсырмасы жоқ бір бөтелке су алып кіруіне болады.
Үміткерлер тестілеу күндері бет-әлпетті тану жүйесі мен тіркеуден уақытылы өткеннен кейін тестілеуге жіберіледі. Тіркелуге кешігіп келген үміткер тест тапсыруға жіберілмейді. Тестілеудің бірінші күніне қатыспаған үміткер екінші күнгі тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеу аудиториясы мен үміткердің орны бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы автоматты түрде анықталады және 120-ға дейін үміткерлерді сыйғыза алады.
Үміткерлерге тесті орындау үшін бейненұсқаулық жүргізіледі, нұсқаулықтың мәтіні емтихан материалдарында қайталанып жазылады.
Тестілеу процесі мүдделі тұлғалар үшін тестілеу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн режимде көрсетіледі.
Тестілеудің бірінші күні
Тестілеудің бірінші күнінде Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттілігін анықтау бойынша тест өткізіледі (бұдан әрі – Қабілеттілікті анықтау тесті).
1-КҮН |
|||
ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АНЫҚТАУ ТЕСТІ |
|||
№ |
Бөлім |
Тапсырмалар саны |
Тестілеу уақыты |
1 |
Математика |
40 |
60 |
2 |
Сандық сипаттамалар |
60 |
30 |
3 |
Жаратылыстану* |
20 |
30 |
Барлығы |
120 |
120 |
|
Қабілеттілікті анықтау тестінің сұрақтары «Математика» пәні бойынша білім деңгейін анықтау арқылы функционалдық сауаттылықты бағалауға, сандар арасындағы байланысты көруге, сандарға математикалық және логикалық ойлау негізінде сүйенуге, суреттер, графиктер және диаграммалар түріндегі деректерге түсінік беру дағдыларына негізделген. |
* 2021 жылы «Жаратылыстану» пәні бойынша тестің қосымша бөлімі апробациядан өткізіледі. Апробация нәтижелері оқушыларды іріктеу конкурсы кезінде ескерілмейді.
Тестілеудің екінші күні
Тестілеудің екінші күні тілдік тест өткізіледі. Бұл тест оқу сауаттылығы негізінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жазбаша мәтіндерді түсіну және талдауға бағытталған.
2-КҮН |
|||
ТІЛДІК ТЕСТ |
|||
№ |
Бөлім |
Тапсырмалар саны |
Тестілеу уақыты |
1 |
Қазақ тілі (бірінші тіл) |
20 |
120 |
2 |
Орыс тілі (екінші тіл) |
20 |
|
3 |
Ағылшын тілі |
20 |
|
Барлығы |
60 |
120 |
|
Тілдік тест тапсырмалары мәтіндік және графикалық материалмен жұмыс істеу қабілетіне, яғни мәтіннен және оның түсіндірілуінен ақпарат алу үшін оқу дағдыларын меңгеруге бағытталған. |
Конкурстық іріктеу нәтижелерін өңдеу
Тестілеу нәтижелерін өңдеу бойынша әр тапсырманың күрделілік деңгейін анықтайтын және пәндер бойынша қорытынды балдардың үлесін есептейтін нәтижелердің автоматтандырылған психометрикалық талдауы Нидерландыда Cito тарапынан жүзеге асырылады. Аталған тәсіл нәтижелерді объективті және сенімді бағалауды қамтамасыз етеді және апелляцияның өткізілуін талап етпейді.
Тестілеу нәтижелері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның www.nis.edu.kz сайтында және тестілеу өткізілген ғимаратта тестілеудің екінші күні аяқталған соң 40 күнтізбелік күннен кейін ілінеді.
Күн |
Тест бөлімі |
Тапсырмалар саны |
Максималды балл |
Шекті балл |
Грант тағайындау |
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ТЕСТ |
Кешенді тестілеу бойынша ең жоғарғы балл |
||||
1 |
Математика |
40 |
400 |
140 (35%) |
|
Сандық сипаттамалар |
60 |
300 |
120 (40%) |
||
ТІЛДІК ТЕСТ |
|||||
2 |
Тілдер |
60 |
600 |
– |
«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына «Математика» бөлімі бойынша 35% (140 балл) және одан жоғары балл жинаған, «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша 40%
(120 балл) және одан жоғары балл жинаған үміткерлер жіберіледі.
Үміткерлердің жалпы балы тең болған жағдайда, неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі:
Республикалық комиссияның шешімімен Грант Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқу тіліне байланысты бөлінген грант саны шегінде кешенді тестілеуден неғұрлым жоғары жалпы балл (1300 балл) жинаған үміткерге беріледі. Грант иегерлерінің тізімі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның www.nis.edu.kz сайтында жарияланады.