Ақтөбелік зияткерлер 📌«Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында қаланы қардан тазалау акциясын жалғастырды. Мектебіміздің «Мұрагер» шаңырағы «Үміт» сәбилер үйінің аумағынан бастаса, «Желкен», «Бірлік» және «Зияткер» шаңырақтары медициналық жедел жәрдем ауруханасының территориясын тазалады. 📚Білім жолындағы күнделікті тіршілігін бір сәт қар күреу жұмысына арнаған оқушылар мекеме қызметкерлерінің алғысын алып, мәз мейрам болды. ✔️Жетекшілері – Айгерім Мықтығұлова, Татьяна Сұлтанғалиева, Әділет Қайдасов.
– Қоғамдық жұмыстарға атсалысу бізді жан-жақты дамытады. Серіктестікті нығайту, жауапкершілік пен адалдықты насихаттайтын мектеп құндылықтары әр оқушының бойында болуы керек деп есептейміз, сондықтан осындай игі істер әлі де жалғасын табады, – деп бөлісті оқушылар.