Көктемнің басы – көрісу

Aқтөбе қаласындағы Зияткерлік мектебінде Наурыз мейрамына арналған апталық басталды. Бүгін, көрісу күнінде, оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен қол алысып, жылы лебіздерін білдіруде. Таңертеннен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, үзілістерде ұлттық тағамдар тарту етілді. Балалар бауырсақтың түрлерімен танысты, ойындар ойнап, жаңылтпаш айтудан жарысты.

Бүгіннен бастап апта аяғына дейін ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар фестивалі өтеді.