IQanat хакатонында балаларға робототехника және бағдарламалау негіздері үйретілді

IQanat хакатонында WEB бағдарламалау, мобильді қосымшаларды әзірлеу және робототехника бойынша тренингтер жүргізілді. Информатика пәнінің мұғалімдері ауылдан келген 100 оқушыға бағдарламалау негіздерін үйретті. Балаларға барынша жақсы білім беру үшін мұғалімдердің өздері де дайындалды.

Мобильді қолданбаларды бағдарламалау курсы 9-сынып оқушыларын MIT App Inventor визуалды бағдарламалау ортасында мобильді құрылғыларды бағдарламалау негіздерімен таныстырады. Практикалық тапсырмалар мобильді қосымшаларды жасау дағдыларын алуға және логикалық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Hackathon қатысушылары Android жүйесіне арналған мобильді қосымша әзірлеуде. Курс бағдарламасы ғылыми-техникалық бағытқа ие және білімнің негізгі жалпы деңгейіне сәйкес келеді.
Осы курстың оқытушылары Ләззат Қабақбаева мен Нұрлыбай Ұзақбаев айтуынша, MIT App Inventor бұл Android платформасына арналған қосымшаларды визуалды әзірлеуге арналған бұлтқа негізделген орта болып табылады, және алгоритмдеу негіздерін білу керек, ал Java бағдарламалау тілі мен Android SDK білімін қажет етпейді.
Бақыт Ғайсағалиева мен Нұрсұлтан Ембергенов балаларды Excel, PowerPoint және Publisher бағдарламаларының озық пайдаланушысы болуға үйретті. Мұғалімдер қатысушыларға бағдарламаның кеңейтілген мүмкіндіктері туралы білім берді.

– Бұл бағдарламалар бізге күнделікті тапсырмаларды тез, әрі өнімді орындау үшін болашақта қажет болады. Сондай-ақ біз презентация жасаушы немесе спикер ретінде MS PowerPoint мүмкіндіктерін кәсіби және тиімді пайдалана аламыз, – дейді Темір ауданынан келген Асылназ Білдірмес.