IQanat: Hackathon қатысушылары Ақтөбе NIS-те өз жобаларын қорғады⁣⁣

Бүгін Ақтөбедегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Hackathon IQanat жабылуы өтті. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының 9-сынып оқушылары төрт күн бойы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп, веб-сайттар, мобильді қосымшалар жасау, робототехника, шығармашылық және психологиялық тренингтер өтті. Сондай-ақ өткен сабақтарға негізделген жобаларды қорғау болды.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– Ауыл оқушыларына көмектесу ниетімізді Ақтөбедегі NIS мұғалімдері қолдағанына қуаныштымын. Бүгін мен жобаларды қорғауда болдым, балалар бірер күннің ішінде өз жобаларын жасай алды. Олар WEB-бағдарламалауды, мобильді қосымшаларды, сайттарды әзірлеуді, нөлден бастап SMM, mobilography, жалпы бағдарламалау тілін меңгерді. Балалар жаңа достар тапты, демалысты пайдалы өткізді, осы орайда оларды алдағы уақытта мұндай ұсыныстарды жіберіп алмауға⠀шақырамын, – деп атап өтті өз сөзінде Зияткерлік мектеп директоры Сәуле Умербекова.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Хакатон мұғалімдері Зияткерлік мектеп қабырғасында өткен әрбір күн өңірлерден келген балалардың есінде ұзақ сақталады деп үміттенеді, өйткені NIS бағдарламасы тек академиялық сабақтарға ғана емес, сонымен қатар спорттық және шығармашылық шараларға толы болды.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Курстарды аяқтағаннан кейін Хакатон қатысушылары өз өнімін жасап, оны қорғауы керек болды.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Маңғыстау облысы Жетібай ауылынан келген Берекет Қайырғали төрт күнде бірден екі жоба – «Төрт сурет – бір сөз» мобильді қосымшасы мен «Python-da тоғыз еселі сандарды шығару» калькуляторын жасады.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– Мен бағдарламалау сабақтарында тоғыздың еселіктерін шығаратын калькулятор жасадым және төрт суретке қатысты ортақ сөзді табу ойынын әзірледім. Бұл NIS ұстаздарының еңбегі деп ойлаймын! –деп Берекет қуанышымен бөлісті.⁣⁣

⁣⁣⠀

Сонымен қатар, 9-сынып оқушылары үшін психологиялық тренингтер мен шығармашылық шеберханалар, ұлттық және спорттық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Математикалық шайқас» интеллектуалдық сайысы өтті. Жабылу салтанатында ең көп ұпай жинаған үш оқушы марапатталды.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Қоштасу концертінде үш облыстың қыз балалары би билеу өнерлерін ортаға салды. «Айқанатпен» биі хакатонның 20-дан астам қатысушыларының басын қосты. Іс-шара барлық студенттерді NIS деп аталатын үлкен тату отбасымен таныстырды. Хакатон мейірімділіктің, достық пен білімнің мерекесіне айналды.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

IQanat хакатоны Ақтөбе, Орал, Семей, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы алты Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтіп, оған 643 оқушы мен 32 мұғалім қатысты.