Бүгін елімізде Наурыз мерекесін тойлау «Игі істер күнімен» жалғасты. Осы орайда Ақтөбедегі NIS қауымдастығы бірнеше әлеуметтік және қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Дене шынықтыру және БӘД кафедрасы педагог-ұйымдастырушы-кураторлармен бірлесіп мектеп ауласын қалың қар мен мұздан тазалауға кірісті. Ал химия және биология, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, информатика және өнер, математика, сондай-ақ физика кафедрасының ұстаздары жалғызбасты аналар мен көпбалалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қаржылай көмек көрсетті. Мереке қарсаңында балаларға сыйлықтар да табысталды. Орыс тілі пәні мұғалімдері үйсіз жануарларды қамқорлыққа алған бір топ белсендіге қолдау білдіріп, қажетті қорек алып берді.