Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт

Бүгін Ақтөбе NIS-те Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Ер азаматтар мерекемен құттықтап, әйелдер – мектепте де, үйде де бар жылуын бала тәрбиесіне бағыттаған, шаңырақтың ұйытқысы, отбасылық құндылықтардың сақшысы екенін атап өтті. Залда жиылғандар жарқын ән мен биге, көңілді ойындарға толы концерттік бағдарламаны тамашалады.