«Хабар 24» арнасы: Ақтөбелік оқушылар облыстың 3D форматындағы картасын жасап шығарды

Онда өңірдегі 12 ауданның тарихы, экономикасы және табиғи байлықтары жөнінде мәліметтер бар. Мұғалімдермен бірлесе жүргізілген жасөспірімдердің ғылыми жұмысы бүгінде бірнеше мекеменің қызығушылығын туғызып отыр. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен білім басқармалары қолдана бастапты. Электрондық картаны алдағы уақытта ұялы телефонға да жүктеу мүмкіндігі тумақ. Бұл оқушылардың өлкетану-зерттеу экспедицияларынан кейін қолға алынған жұмыстың нәтижесі.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/443434-a-t-belik-o-ushylar-oblysty-3d-formatynda-y-kartasyn-zhasap-shy-ardy