Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасындағы ғылыми жобалардың желілік байқауы өз мәресіне жетті. Барлық Зияткерлік мектептерден 800-ден астам оқушы төрт бағыт бойынша 548 жоба ұсынды. Ақтөбедегі NIS-тен 32 жоба тіркелген болатын.
Байқауда ақтөбелік зияткерлер физика, техника, информатика, биология, өлкетану, әдебиет, тарих, химия, қоршаған орта, тіл білімі, этномәдениеттану секциялары бойынша өз жобаларын ұсынды.
Желілік ғылыми жобалар байқауы екі кезеңнен тұрады. 17-22 қазан аралығында – онлайн форматта өтсе, күзгі демалыс кезінде Алматы мен Астана қалаларында ұйымдастырылмақ.