НЗМ студенттері арасындағы футзалдан жарыс биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Ақтөбеде өткен желілік спартакиадаға еліміздің 5 облысынан 80 бала келді. Бұл Орал, Атырау, Ақтау, Қостанай және Ақтөбе қалаларындағы Зияткерлік мектептердің 7-8 сынып оқушылары.
Екінші таймның ортасына таман оралдық жігіттер қостанайлықтармен ойында 3:1 есебімен сенімді алға шықты. Бірақ қостанайлық жігіттер басқа матчтарда мінез танытып, серпіліп үлгерді. Айта кетерлігі, 25 метр қашықтықтан тамаша соққыны оралдық Ақбота Айтмағамбет сәтті орындады. Атырау мен Оралдың ұлдар командалары арасындағы ойында доп үшін тартыс тең дәрежеде өтті. Есеп 4:4. Ақтөбе НЗМ турниріндегі ең әдемі голды атыраулық футболшы Тамерлан Дүйсеналиев соқты.
– Бұрын «Атырау» футбол клубында ойнадым. Зияткерлік мектепте оқу менің барлық уақытымды алады, бірақ мен сүйікті спортыма уақыт табамын, мен футболды кәсіби түрде ойнауды жалғастырамын, – деп мойындады Тамерлан.