Елімізде республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі басталды. «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған байқау 9-12 ақпан күндері онлайн форматта өтеді. 🌱Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Арман Жалғасбаев және Ернұр Жанғалиев ғылыми жобалар конкурсының ✔️«Ғылыми техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны» бағыты бойынша өз жұмыстарын қорғады. Жобаға ұсынылған 📎«AQUA PAC V1.4» құрылғысы ауадан су алуға мүмкіндік береді. Ғылыми жетекшілері – Жәнібек Жанкулов және Камшат Сағынова. Жеңіс тілейміз!