Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Жалғасбаев «ақылды маска» ойлап тапты. Бұл өнертабысы I орынға лайық деп танылып, оқушыға 300$ көлемінде ақшалай сыйлық пен диплом табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz. Робототехника бойынша халықаралық жарысқа ұсынылған «RUD SMART MASK» жобасы респираторлық маска мен қоршаған орта анализаторы функциясын атқара алады.
Дереккөз: https://egemen.kz/article/262415-aqtobelik-oqushy-aqyldy-maska-oylap-tapty