Дене шынықтыру сабақтарында шаңғы жаттығулары

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламасы – NIS Programme бойынша үшінші тоқсанда балалар шаңғы тебуі керек. Сондықтан балаларды салауатты өмір салтына баули отырып, дене шынықтыру мұғалімдері шаңғы тебуге үйретеді.

Барлық сынып оқушылары ұстаздарынан шаңғы тебудің негізгі дағдыларын тез және тиімді меңгеру мүмкіндігін алады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Базаргүл Срымова жас шаңғышылар ие болатын бірнеше денсаулық «бонустарын» атап өтті: тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелерін нығайту, әртүрлі вирустық инфекцияларға, тыныс алу мүшелерінің ауруларына төзімділік, тамаша физикалық қалып және тірек-қимыл аппаратын нығайту.