Дастархан жаюдан шеберлік сабағы

Ақтөбедегі NIS -те тоғызыншы сынып оқушыларына дастархан жаюдан шеберлік сабағы өтті. Шолпан Бисембина Ақтөбе қаласындағы №3 кәсіптік лицейде технология пәнінің мұғалімі болған.

Ерекше мастер-классқа қалаған оқушылар қатыса алды. Оқушылардың көздерінше Шолпан апайдың қолындағы таныс тағамдар аспаздық шедеврлерге айналды. Өндірістік оқыту шебері жеміс-жидектерді әдемілеп кесу техникасымен, қағаз майлықтарды орау үлгілерімен бөлісті, ыдыс-аяқты дастарханға дұрыс қойюды үйретті.

– Бұл мастер класс біз үшін пайдалы, әрі қызықты болды. Дастарханды безендіруді, жеміс-жидектерді әдемі турауға үйрендік. Апайдың көрсеткендері үлкен қызығушылығымызды тудырды. Болашақта қажеті болатынына сенемін, – дейді 9 С сынып оқушысы Адия Сейтжапарова.