«Dance Battle» онлайн би байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін «Нұр шашу» би ансамблінің бастамасымен өткен «Dance Battle» онлайн би байқауының жеңімпаздары марапатталды. 27 қаңтар мен 15 ақпан аралығында өткен жарысқа «Алаш», «Мұрагер», «Озат» және «Болашақ» шаңырақтарынан 🌱8 команда қатысты. Түрлі би жанрлары бойынша өткен онлайн конкурста бақ сынасқан өнерпаздар шығармашылықтарын дамытып қана қоймай, оны визуалды түрде әсерлі етуді де жіті меңгерген, техникалық жабдықтардың да қыр-сырын үйренген. Қатысушы командалардың барлығы жүлделі орындар мен номинацияларға ие болды.


• Бас жүлде – «K.CREW» тобы
• I орын – «BUBBLE POP» тобы
• II орын – «BANAKAKO» және «ART» топтары
• III орын – «BAND» және «DANCZ» топтары
• «Ең ұйымшыл шаңырақ» номинациясы – «EMOTION» тобы
• «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы – «MAJESTIC» тобы


🎊Құттықтаймыз!