2021 жылдың 6 наурызында БҰҰ Моделі клубы Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде V жыл сайынғы конференциянын сәтті өткізді. Жиынға Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі, №69 ЖББМ, сондай-ақ №21 және №9 мектеп-гимназияларының оқушылары қатысты. Іс-шараны 12 «E» сынып оқушылары Мира Еркінғали, Айдана Бағланова және Алтынай Нугаева ұйымдастырды. Конференцияның тақырыптары: «Ғаламдық тамақ қалдықтарын азайту» – БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының комитеті және «Сыбайлас жемқорлық және халықаралық салық төлеуден жалтару» – БҰҰ Бас Ассамблеясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы комитеті.
Конференция қорытындысы бойынша келесі делегаттар төменде көрсетілген номинацияларды иеленді:
Карина Елемесова, Аружан Даурен – «Үздік делегация»;
Назерке Абдрахманова, Салтанат Жумагазина – «Үздік спикер»;
Анель Маулетшарип, Камила Курамысова – «Құрмет грамотасы»;
БҰҰ моделінің конференциясы – бұл барлық оқу орындарының білім алушыларына арналған қазіргі әлемнің жаһандық проблемаларын көрсететін ғылыми жиын, онда әрбір қатысушы белгілі бір елдің делегаты рөлінде өзін сынап көреді. Конференцияның мақсаты – оқушылар/студенттер арасында бүкіл адамзаттың болашағы үшін жауапкершілік пен алаңдаушылық сезімін ояту, бүкіл әлемді іс-әрекетке шақыру және проблеманың дұрыс шешімдерін іздеу.