«Volu-cup 2022» қайырымдылық турнирін Ақтөбе NIS балалары өткізді.

NIS Ақтөбеде «Білім-Инновация» мектеп-интернаты, № 21, 27, 10, 64, және КАЗГЮУ мектептерінің оқушылары арасында футболдан қайырымдылық турнирі өтті. Жиналған 70 000 теңгені турнирді ұйымдастырушылар «Үміт» сәбилер үйінің бүлдіршіндеріне қажетті заттарды сатып алуға жұмсады.

Осылайша қоғам игілігі үшін екі жаһандық мақсатты, белсенді өмір салтын насихаттауды, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсетуді қамтитын қайырымдылық турнирі қалалық турнир мәртебесіне ие болды.

– Жарыстың өзі неғұрлым күрделі болса, соғұрлым қатысушы командалардың әрқайсысында бәсекелестік пен жеңіске деген ұмтылыс күшейе түседі. Қайырымдылық турнирінің нәтижесінде жергілікті «Үміт» сәбилер үйіне материалдық көмек көрсету үшін 70 000 теңге жинадық, – дейді Ахмет Жолжанов, Зияткерлік мектеп 9-сынып оқушысы.