Бізге 8 жыл: Түлектер тілегі

Осыдан 5 жыл бұрын үлкен өмірге қадам басып, бүгінде қанаттарын қатайтып, білім мен мансап жолында едәуір жетістікке жеткен 🌱NIS Ақтөбенің ең әуелгі түлектері мектепке сыйлық жасады. Білім ордасының 8 жасымен құттықтап келген олар химия және биология кафедрасына ең қажетті құрал – ✔️лабораториялық таразы алып берді. Енді мектеп оқушылары ғылыми тәжірибелерді еш қиындықсыз орындап, білімдерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік алды. 📚Бұл сый – түлектердің мектепке деген құрметі мен сағынышы, алғысы мен ілтипаты, ізін жалғаушы зияткерлердің болашағына қосқан үлесі мен сенімі екені сөзсіз. Сынып жетекшісі – Айгерім Мықтығұлова.

12 «D» сынып оқушылары, 2015 жылғы Ақтөбе қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектеріне алғысымызды білдіреміз!