Бізге 8 жыл: шахматтан «Ход Королевы» турнирі

Бүгін 🌱Ақтөбедегі NIS-те шахматтан «Ход Королевы» турнирі өтті. Атаулы іс-шара мектебіміздің туған күніне орай ұйымдастырылды. Аты айтып тұрғандай, жарыс мектептің әйел қауымдастығына арналды: ұстаздар мен шәкірттер арасындағы турнир тартысты әрі бәсекеге толы болды. Жарыстың мақсаты тек мектеп намысын қорғайтын дарынды шахматшыларды анықтау ғана емес, мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын одан әрі жақсарту.

📌5 кезеңге жалғасқан ойын көпке мотивация мен серпін бергені анық, себебі жеңімпаз мектеп директорымен бақ сынасып, арнайы сыйлық ұтып ала алады.

20-ға жуық қатысушы арасынан үздік деп танылған Жанерке Сайлауова III орынды иеленсе, Айдана Бағланова жүлделі II орынды жеңіп алды. Ал «Ход Королевы» турнирінің чемпионы атану Әдемі Жоламановаға бұйырды. Ол мектеп директоры Сауле Умербекованың арнайы сыйлығы – елімізге танымал зергер әрі қолөнер шебері  Болат Атыраубаевтың туындысы – патшайым фигурасы бейнеленген күміс сырғаға ие болды. Бұған дейін де облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға белсене қатысып, жүлдемен оралатын жас ойыншыларымызды құттықтаймыз. Ал іс-шараны жоғары дәрежеде өткізген педагог-ұйымдастырушы-кураторларға алғыс білдіреміз!