Бізге 8 жыл: Білектер бәсекесі

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 жылдық мерейтойына орай 10 және 12-сыныптар арасында қол күрестен жарыс өтті. Дене шынықтыру және БӘД кафедрасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа мектебіміздің білегінен күш саулаған бозбалалары қатысып, рухани құндылығымыз саналатын ұлттық ойындарды насихаттауға ат салысты. Жеңімпаздар және қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.


📌I орын иегері – 12 «А» сынып оқушысы Ерұлан Жағыпаров.
📌II орын иегері – 12 «G» сынып оқушысы Едіге Әлімов
📌III орын иегері – 10 «А» сынып оқушысы Нүркен Қонысбай

Құттықтаймыз!