«Бiлiмдi ел — Образованная страна» газеті: «IzdeNIS» ғылыми – танымдық журналы жарыққа шықты
«Бiлiмдi ел — Образованная страна» газеті: «IzdeNIS» ғылыми – танымдық журналы жарыққа шықты
Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде «IzdeNIS» ғылыми-танымдық журналының таныстырылымы ұйымдастырылды. Мектеп тарихындағы тұңғыш журнал үш тілде әр тоқсан сайын басылып шығады. Оқырман үшін электрондық нұсқасы да бар. Зияткерлер тарапынан жасалған жобаның басты мақсаты – оқушылардың ғылым мен өнертануға деген қызығушылығын ояту, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.