«Бiлiмдi ел — Образованная страна» газеті: Арман Жалғасбаев халықаралық жарыста бірінші орын иеленді

Ақтөбе қалалық физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Жалғасбаев «ақылды маска» ойлап тапты. Бұл өнертабысы бірінші орынға лайық ретінде танылып, оқушыға 300$ көлемінде ақшалай сыйлық пен диплом табыс етілді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. Робототехника бойынша халықаралық жарысқа ұсынылған «RUD SMART MASK» жобасы респираторлық маска мен қоршаған орта анализаторы функциясын атқара алады. Маска негізгі екі бөліктен тұрады: біріншісі, ауадағы газды анықтауға арналған талдағыш пен сигнал беруші құрылғы, олар bluetooth-модуль арқылы ақпарат таратады, ал екінші бөлігі сүзгі есебінде қолдануға болатын маска, ол ағзамызды ластанған ауа мен вирустан қорғайды.

Дереккөз: https://bilimdinews.kz/?p=134289